Жарияланған күні: 15.10.2019 10:44
Өзгертілген күні: 15.10.2019 10:44

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі А.Смайылов 2019 жылдың 9 айындағы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы хабарлады.

9 айдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 15%-ке өсті, республикалық - 19%-ке және жергілікті бюджеттер - 7%-ке.

Ұлттық қордың активтері 2018 жылдың 9 аймен салыстырғанда 15%-ке өсіп,  26 трлн 447 млрд теңгені құрады.

Шығыстар бюджеттің барлық деңгейлерінде жоғары процентпен игерілді: МБ - 99,6%, РБ - 99,8% және ЖБ - 99,3%.

Есепті кезеңнің көрсеткіштері ағымдағы қаржы жылын жоғары деңгейде аяқтауға барлық мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді.

КІРІСТЕР БОЙЫНША

Республикалық бюджетке 4 трлн 817 млрд теңге кірістер түсті.

Бұл жоспардан 61 млрдтеңгеге көп, немесе 101,3%.

2018 жылдың 1 қазандағы жағдаймен салыстырғанда кірістердің өсу қарқыны 118,5%-ті яғни 751 млрд теңгені құрады.

Бұл соманың 738 млрд теңгесі салықтарға келеді.

Салықтар бөлінісінде негізгі өсу қосылған құн - 421 млрд теңге, корпоративтік табыс - 184 млрд теңге және халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын –
125 млрд теңге салықтартарға келеді.

Есепті кезеңде камералдық бақылау хабарламалары бойынша 177 млрд теңге қосымша есептелді.

Оның 88 млрд теңгесі бюджетке өндіріліп алынды.

Әкімшілендіру рәсімдерін цифрландыру нәтижесінде бюджетке 280 млрд теңге түсті.

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120 млрд теңгеге артығымен орындалды немесе 1 трлн 845 млрд теңгені құрады.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда олар
119 млрд теңгеге өсті. Бұл салықтар есебінен қамтамасыз етілді.

Кірістер бойынша жоспар, Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, барлық өңірлерде артығымен орындалды.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША

Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 541 млрд теңгені және 99,8%-ті құрады. 

Орындалмау сомасы 14,3 млрд теңгені құрады.

Оның 5,7 млрд теңгесі үнемдеу сомасы болады.

Игерілмеу сомасы 8,6 млрд теңгені құрады. 

Бұл 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда бес есе аз.

Ең көп игермеу сомалары келесі әкімшілерде қалыптасты:

Экология, геология және табиғи ресурстар - 1,5 млрд теңге;

Жоғарғы сот - 1,2 млрд теңге;

Мәдениет және спорт - 992 млн теңге;

Сауда және интеграция - 947 млн теңге.

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау,  қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну.

Қаржы министрлігі жыл басынан бері бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің уақытында міндеттеме қабылдауын және қаражатты игеруін қадағалап отырды.

Осы жұмыстың нәтижесінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында 130 млрд теңге қаражат  қайта қаралып, бөлінді. Біраз қаражат оңтайландырылды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте 554 млрд теңге көзделген.

Есепті кезеңде жоспарланған қаражаттар 100%-ке игерілді.

Жергілікті бюджеттер шығыстары 4 трлн 165 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны - 29 млрд теңге.

Есепті кезеңде өңірлерге сомасы  1 трлн 71 млрд теңге нысаналы трансферттер аударылды.

Жергілікті деңгейде олар 99%-ке немесе 1 трлн 60 млрд теңгеге игерілді.

Атқарылмағаны 11 млрд теңге, оның ішінде 4 млрд теңге - бюджет қаражатын үнемдеуі.

Игерілмегені 7 млрд теңге.

Неғұрлым көп игерілмеу келесі өңірлерде қалыптасты:  Алматы қаласы - 2,2 млрд теңге, Түркістан - 1 млрд теңге, Шығыс Қазақстан және Қарағанды областары - 0,8 млрд теңгеден.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША

Есепті кезеңде 593 млрд теңге бюджет қаражаты 2 522 аудиторлық іс-шарамен  қамтылды.

Жалпы сомасы 174 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Оның 163 млрд теңгесі аудит барысында қалпына келтірілді.

Жүргізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде 547 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарға жол берілмеді.

Ағымдағы жылдың 9 айындағы бюджеттің атқарылуының негізгі көрсеткіштері осындай.

Жыл соңына дейінгі басты мақсаттың бірі - 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған параметрлерін уақытында іске асыру және қаржы жылын сапалы аяқтау.