Жарияланған күні: 30.09.2021 14:35
Өзгертілген күні: 30.09.2021 14:36

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасы, келесіні хабарлайды, 2020 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы  (ҚазАТО) БҰҰ–IRU ЕЭК ХЖТ жүйесін компьютерлизациялау жобасындағы ХЖТ кітапшаларын ұстайтын қатысушыларға қатысты «20.12.2020 жылғы ХЖТ кітапшасы (TIRCARNET) бойынша кепілдік келісімнің» Қосымша келісіміне қол қойды. Қосымша келісім TIR EPD арқылы электрондық түрде ХЖТ кітапшасын пайдалануды, сондай-ақ ХЖТ Конвенциясының талаптарына сәйкес келетін және Ұстаушы немесе оның өкілі басып шығарған eTIR тасымалдау құжаттарын сүйемелдеуді көздейді («print-at-home» форматында ХЖТ кітапшасы).

Жоғарыда айтылғандардан басқа, 2021 жылғы 06 мамыр айындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің №КГД-10-3-14/15249-И Нұсқаулығына сәйкес,  пилоттық жобаға қатысушы елдер санының одан әрі ұлғаюымен,  Қазақстан Республикасы – Өзбекстан Республикасы бағыты бойынша Тәжікстан Республикасына бағытталған ХЖТ жүйесін пайдалана отырып халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын цифровизациялау жөніндегі пилоттық жобаны кеңейту туралы хабарлайды. 

Осыған байланысты, осы пилоттық жоба шеңберінде электрондық ХЖТ кітапшаларын қабылдау және кедендік ресімдеу қамтамасыз етіледі.