Жарияланған күні: 02.08.2019 09:59
Өзгертілген күні: 02.08.2019 10:04

Қаржымині МЖӘ шеңберінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілерінің салықтарды автоматты есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін қабылдау және өңдеу үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді енгізуді жоспарлап отыр.

Қаржы министрлігі "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестен өтінім негізінде "бюджетке төленуге жататын салықтар сомаларын есептеуді автоматтандыру және салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу бойынша аппараттық-бағдарламалық кешенді құру және пайдалану" МЖӘ жобасына бастамашылық етілгені туралы хабарлайды

МЖӘ жобасының мақсаты:

- салық төлеуші мен МКҚ қызметкерлері арасында бар парадигманың өзгеруі;

- салық төлеушілердің кірістері бойынша толық ашықтықты қамтамасыз ету;

- көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету.

МЖӘ жобасының міндеттері:

1) ҚР ҚМ МКК сыртқы АЖ кірістері туралы өзекті деректерді жинауды қамтамасыз ету;

2) төлеуге жататын салық сомасын автоматты түрде есептеу;

3) төлем тапсырмаларын қалыптастыру және ЕДБ-ға жіберу;

4) СЕН толтыру және жіберу;

5) СЕН қабылдау және өңдеу.

МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде көзделген қызметтің болжамды түрлері:

Аппараттық-бағдарламалық кешенін (АБК) енгізу және пайдалануды жүзеге асыру:

1) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілерінің салықтарды автоматты түрде есептеу және төлеу,

2) салық есептілігін қабылдау және өңдеу.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2029 жж. (10 жыл).

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.

Жеке меншіктегі МЖӘ объектісінің құрамында пайдаланылатын бағдарламалық өнімдерге айрықша құқығы бар әлеуетті жекеше әріптес жеке бастама (тікелей келіссөздер) тәртібінде АӨК ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік әріптесін жарақтандырады, сондай-ақ жеке әріптестің өз қаражаты есебінен толық көлемде АӨК-ге қажетті серверлік жабдықпен және қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.

Жеке әріптестің шығындарын өтеу және табыс алу көздері:

· МЖӘ жобасы бойынша Мемлекеттік әріптестің шығындарын өтеу көзделмеген;

· жекеше әріптестің табыстары коммерциялық секторға қызметтер көрсету есебінен қамтамасыз етіледі;

· АБК міндетті компоненттеріне қойылатын талаптар;

· салықтарды есептеу;

· салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу;

· қызметкерлердің еңбекақысын есептеу;

· төлем құжаттарын қалыптастыру;

· ЕДБ төлем құжаттарын беру;

· салықтық талдау.

Әлеуетті жеке серіктестер Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережесінің 135-тармағына сәйкес МЖӘ жобасын іске асыру үшін қажетті жабдықтың болуын растайтын тиісті құжаттарды және Заңның 44-бабына сәйкес осы хабарлама жарияланғанға дейін алынған АБК міндетті компоненттеріне МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндіктері туралы зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқықтарды тіркеу (бар болуы) туралы құжаттарды қоса бере отырып баламалы ұсыныстар беруі тиіс.

Мүдделі болған жағдайда, тиісті өтінім мен құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 4 кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсыну қажет. Уәкілетті тұлға – Ыбрай Омархан Сүйінбекұлы, е-mail: o.ybyrai@minfin.gov.kz байланыс телефоны: 8 (7172)74-96-10, ұялы телефон: 8 (778) 075-03-73

Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.