
Қаржы министрлігі 2019 жылғы 31 шілде мен 02 тамыз аралығында Мемлекеттік қызмет көрсету және оның функцияларын орындау шеңберінде Қаржы министрлігі мен оның құрылымдық комитеттерінің халықпен және бизнеспен жұмысына қанағаттанушылық жөнінде сауалнама жүргізеді.
Егер сізде ҚР Қаржы министрлігімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде қызметтерді алу мәселелері бойынша ескертулер, сондай-ақ олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар болса, аталған сауалнаманы толтыруды сұраймыз.
Сауалнама 31 шілде күні сағат 10:00-ден 02 тамыз күні 18:00-ге дейінгі аралықта «Ашық диалог» порталында мына сілтеме бойынша қолжетімді болады https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#