Жарияланған күні: 25.07.2019 12:24
Өзгертілген күні: 25.07.2019 12:24

Телеграмдағы @EgovKzBot арқылы борышкерлер тізілімінде бар/жоғыңызды тексеріңіз.

Бот қызметін таңдағаннан кейін «Борышкерлер тізілімі және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисіне өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіңіз.
Борышкерлер тізілімінде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берілген ЖСН бойынша ешқандай деректердің табылғаны/табылмағаны жөнінде хабарлама жібереді.

Бот арқылы сапарға бірге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегін тексеруге болады. Керекті ақпарат сұрау жіберілгеннен кейін бірден көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектері барларға қойылуы мүмкін.