Жарияланған күні: 04.07.2019 10:20
Өзгертілген күні: 04.07.2019 10:20

Қазынашылық комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай қазынашылық шоттағы Шығыс ақша қалдығына сыйақы есептеудің жаңа тетігін табысты енгізді.

Бұл уақытша бос бюджет ақшасын Бірыңғай қазынашылық шоттан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерге орналастыру процесін оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылды.

Күн сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бірыңғай қазынашылық шоттағы алдыңғы күнгі ақша қалдығына сыйақы есептейтін болады, кейіннен "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар" 201601 түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодына республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.

Енгізілген тетік құжат айналымын айтарлықтай төмендетуге, Қазынашылық Комитеті мен Ұлттық Банк тарапынан уақыт пен адами ресурстарды оңтайландыруға, операциялық тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ республикалық бюджет кірісіне түсімдерді едәуір арттыруға мүмкіндік береді