Жарияланған күні: 21.06.2019 11:47
Өзгертілген күні: 21.06.2019 11:47

Мемлекеттік кірістер комитеті «Виртуалды қойма» модулі келесі тауарлар санаттарына қолданылатынын хабарлайды:

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – автокөлік құралдарына, сондай-ақ ҚҚС бойынша бақылау шоттары қолданылған жағдайдағы тауарларға;

2019 жылғы 1 шілдеден бастап – қант-қант шикізатына, тоңазытқыштарға, теледидарларға;
 2019 жылғы 1 қазаннан бастап – шаңсорғыштарға, электрлі қыздырғыш кедергілеріне, фотокамераларға.

«Виртуалдық қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі Комитеттің https://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1 порталында жарияланған.
Бұл ретте «Виртуалды қойма» модулінде электронды шот-фактуралар жазып беру мынадай екі тәсілмен:
- «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login web-қосымшасы;
- «Виртуалды қойма» модулін https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-s-modulem-virtualnyy-sklad-1 салық төлеушілердің есепке алу жүйесімен интеграциялаудың АPI-механизмі арқылы жүзеге асырылады.