Жарияланған күні: 21.06.2019 10:25
Өзгертілген күні: 21.06.2019 10:25

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында 2018 жылға арналған бюджеттік саясаттың басымдықтары туралы хабардар етті.

2018 жылы бюджеттік саясат мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және экономиканың одан әрі өсуіне негізделді.

Сол себепті экономиканың нақты секторларын қолдау, жұмыс орындарын сақтау және әлеуметтік саланы дамыту бюджеттің атқарылуының басымды бағыттары болды.

Жыл қорытындысымен еліміздің экономикасының өсуі
4,1%-ті құрады.

Бюджеттің кірістері 8,8 трлн.теңгеге жетті. 

Оның ішінде салықтар - 5,7 трлн.теңге.

2017 жылмен салыстырғанда салықтардың жалпы кірістер көлеміндегі үлесі 15%-ке өсіп, 65%-ке жетті.

Жалпы Ішкі Өнімдегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі 8%-ті құрады.

Оған индустрияландыруға, агроөнеркәсіпті, орта және шағын бизнесті, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың қорытындылары ықпал етті.

Сондай-ақ, кірістердің өсуіне салық-кеден саласындағы әкімшілендірудің жақсаруы да себеп болды.

Осы жұмыстың нәтижесінде 490 млрд.теңге мөлшерінде қосымша салықтар түсті.

Шығыстар бойынша барынша жоғары атқарылуға қол жеткізілді, яғни 99,8%.

Бюджет қаражатының игерілуі келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Бюджеттің әлеуметтік бағыты күшейді.

Бұл салаға бүкіл шығыстардың жартысына жуығы, яғни 4,3 трлн.теңге жіберілді.

 Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға 2,6 трлн.теңге бағытталды.

3 млн. 530 мың адамға бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төленді.

2018 жылы 10,1 млн. салымшыға 9,4 трлн. теңге міндетті зейнетақы жарнасы аударылды.

Ана мен балаларды әлеуметтік қолдауға  2018 жылы 146 млрд.теңге жұмсалды.

Нәтижесінде 849 мыңға жуық адам жәрдемақы алды.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 42 мың адам техникалық және кәсіптік біліммен қамтылды.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 28 мың кәсіпкер оқудан өтті.

Микрокредит алушылардың есебінен қосымша 12,6 мың жұмыс орны ашылды.

Мемлекетті дамыту үшін маңызды роль атқаратын салалардың бірі – ол білім саласы.

Өткен жылы осы сала 474 млрд.теңгеге қаржыландырылды.

2018 жылы балабақшалардың саны 10 314-ті құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 551-ге көбейді.

Ол 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен  95,2% деңгейінде қамтуға мүмкіндік берді.

62 мектеп  пайдалануға берілді.

Денсаулық саласына 1 трлн. 71 млрд.теңге  бөлінді.

Оның 955 млрд.теңгесі халықты кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қаматамасыз етуге бағытталды.

Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 4,3%-ке төмендеді; қатерлі ісіктерден өлім 2,5%-ке төмендеді.

4 млн. 905 мың адам вакцинациядан өтті.

Тұрғын-үй коммуналдық шарушылығына 257 млрд.теңге  қаражат бөлінді.

Оның жартысынан көбі «Нұрлы Жер» бағдарламасына, яғни халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталды.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы аясында 3 678 пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік топтарына берілді.

10,8 мың километр жылумен, электрқуатымен, газбен және  сумен жабдықтау, су бұру желілері жаңартылды.

Жаңартылған/салынған жылумен жабдықтау желілерінің үлесі 2,2%-ке, сумен жабдықтау - 7,1%-ке, су бұру - 3,4%-ке өсті.

          Орталықтандырылған көздерден ауыз сумен қамтамасыз ету қалаларда 94,5%-ке дейін, ауылдарда - 60%-ке дейін жетті.

Ауыл шаруашылығына 419 млрд.теңге қаражат бөлінді, немесе 2017 жылмен салыстырғанда 14,5%-ке көп.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарды жүргізу үшін  1 985 агроөнеркәсіп субъектілері қаржыландырылды.

Бұл 3,2 млн. гектар  жерге егін егуге мүмкіндік берді. 

Ауыл шарашылығының жалпы өнімінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 3,4%-ке өсіп, 4,4 трлн.теңгені құрады.

Бұл жалпы сомасы 209 млрд.теңге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік берді.

Көлік және коммуникация секторында республикалық маңызы бар жолдардың 548 км жаңартылды.

         1 419 км автожолдар орташа жөндеуден және 64 км автожолдар күрделі жөндеуден өтті.

Осы жұмыстардың нәтижесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 87%-тіне дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» бағдарламасы шеңберінде орта және шағын бизнестің 2 мыңға жуық  жобасына қолдау көрсетілді.

Кәсіпкерлік негіздеріне 23 мың адам оқытылды.

2019 жылдың 1 қаңтарына  жұмыс істеп тұрған орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,2 миллионға жетті. 2018 жылдың басымен салыстырғанда, ол 8,3%-ке өсті. Екі Палатаның жұмыс топтарында бюджеттің кірістерін толықтыру, шығыстарын тиімді пайдалану, стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды жақындату, олардың индикаторларының сапалы жоспарлану, сыртқы борышты қадағалау сияқты жүйелі мәселелер қозғалды.

Депутаттардың және Есеп комитетінің барлық ұсыныстарын орындау үшін біз Үкіметте  арнайы Жол картасын дайындап бекітіп іске асыруды бастадық.

Онда әр мәселе бойынша  жауапты мемлекеттік органдар   және орындау мерзімдері бекітілді.