Жарияланған күні: 20.06.2019 10:05
Өзгертілген күні: 20.06.2019 10:05

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап

485-баптың 2-бабы екінші бөлімінің 3) тармақшасында салықтық кезеңде табыс алмаған жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларды және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындарды есепке алмағанда жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салық төлемейді деп белгіленген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап

484-баптың 3-тармағы 3) тармақшасында «Астана-Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушысы болып табылатын заңды тұлғаның жұмыскерлері-Қазақстан Республикасының азаматтарының табыстары әлеуметтік салық салу объектсі болып табылады деп белгіленген.