
2019 жылдың 14 маусымда Алматы қ. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі бірінші топтағы мүгедектің жеке көмекшісінің табысынан жеке табыс салығын ұстап қалуға қатысты өзгерістер туралы айтылды.