Жарияланған күні: 04.06.2019 09:07
Өзгертілген күні: 04.06.2019 09:07

166-баптың 7-тармағында БКМ чегінде көрсетілуге жататын ақпарат тізілімі кеңейтілді, келесі мазмұндамада:

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

Салық кодексінде белгіленген БКМ қолдану кезінде қойылатын талаптарды сақтау  салық төлеушінің міндеті болып табылады (Салық кодексінің  13-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы).