Жарияланған күні: 04.05.2019 10:48
Өзгертілген күні: 04.05.2019 10:51

М. Сұлтанғазиев Қытайда өткен «Бір белдеу - бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумында баяндама жасады 2019 жылдың 25 сәуірінде Бейжіңде (ҚХР) «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының тақырыптық сессиясының ашылу салтанаты өтті. Форум барысында күн тәртібінде инфрақұрылымды дамыту, сауда және экономикалық ынтымақтастық, инвестициялар мен ресурстар, қаржылық өзара әрекеттесу, мәдени алмасулар және т.б. секілді негізгі мәселелер қамтылған барлығы 12 сессия өткізілді. Сессияның жұмысына әлемнің 60-тан астам елінің№ мемлекеттік органдарының, ірі халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. «Сауда байланыстылығы» сессиясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев «Тұрақты даму үшін бизнес-ортаны жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдер алдында тұрған міндеттерді жүзеге асырудағы қазыналық органдардың рөлін ерекше атап өтті. Бастаманы жүзеге асыруды бастаған сәттен бастап, Қазақстан мен Қытайдың кеден және салық қызметтері сауда және транзиттік әлеуетті жақсарту үшін қолайлы жағдай құру және әділ әрі ашық салықтық жүйені қалыптастыру үшін көп жұмыс жүргізді, бұл өз кезегінде трансшекаралық саудадағы кедергілерді жоюға және инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Өз сөзінің соңында ҚР ҚМ МКК төрағасы Марат Сұлтанғазиев БББЖ-ға қатысушы елдердің қазыналық қызметттері арасында стратегиялық мәселелерді шешуге және бүкіл аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған оң және сындарлы диалог қалыптасқанын атап өтті.