
2017 жылғы 16 қыркүйекте қазақстан-өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерін, автомобиль жолдары мен көршілес аумақтарды қайта құру және жаңғыртуға арналған Жол картасына (бұдан әрі - Жол картасы) қол қойылды.
Жол картасы шеңберінде 2018 жылдың төртінші тоқсанында
«Б. Қонысбаева» өткізу пунктін қайта құру бойынша құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Қайта құру кезеңінде осы өткізу пункті толығымен жабылады (шамамен құрылыс мерзімі - 19 айды құрайды).
Қазақ-өзбек шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Келісімнің Хаттамасына сәйкес, 2017 жылғы 1 тамыздан бастап «Қазығұрт», «Қапланбек» және «Атамекен» өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режимімен «екі жақты» мәртебеден «көп жақты» мәртебесіне ауыстырылады.
Көршілес елдің алыс және жақын елдермен сыртқы сауданың дамуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасының бағытына жүк ағымының өсуі байқалады.
Осыған байланысты алыс және жақын шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан «Б.Қонысбаев» өткізу пунктіне көптеген жүк көліктері келеді, оның салдарынан өткізу пунктінің алдында 300 бірлікке дейін көлік құралдарының мезгілі жиналуы байкалады.
Жоғарыда жазылғандар негізінде, «Б. Қонысбаев» өткізу пунктін қайта құру бойынша жабылатынын ескере отырып, көлік құралдарының жиналуын жою мақсатында, сондай-ақ тасымалдаушылардың және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары өкілдерінің сын туындауын болдырмау мақсатында Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында орналасқан басқа да өткізу пункттері бойынша Өзбекстан Республикасына бара жатқан жүк көлік ағымын бірдей бағыттау туралы мүдделі тұлғалар арасында түсіндірме жұмыстарды ертерек жүргізу қажет.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасы Тауарлардың жеткізілімін бақылау бөлімі