Жарияланған күні: 19.08.2016 18:28
Өзгертілген күні: 19.08.2016 18:32

Заңды түлғаларға, кеден өкілдеріне

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің аумақтық органдарының «Е-лицензиялау» Мемлекеттік кірістер базасының ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) порталы арқылы мынадай:

-         «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»

-         «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»

-         «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу»

-         «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»

-         «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»

-         «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»

-         «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»

-     «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру» мемлекеттік қызметтері ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерге өтінішті беру нысаня электрондық (ЕЛ МДБ АЖ арқылы) немесе жазбаша.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін ұсыну:

1) Қызмет ұсынушының кеңсесі арқылы

Қызмет алушының өтініші қызмет ұсынушыға қағаз жүзінде жүгінсе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері электронды түрде рәсімделеді, қағазға шығарылады, қызмет ұсынушының қол қойылып, мөрі басылады және қызмет алушыға пошта арқылы жолданады.

Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды қызмет ұсынушының кеңсесі арқылы тапсырған кезде – қағаз жүзіндегі өтініштің қабылданғанын растайтын оның көшірмесіндегі қызмет ұсынушы кеңсесінің құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу жайлы белгі болады.

2) «Е-лицензирование»  www.elicense.kz.; веб-портал «электронного правительства» www.egov.kz мемлекеттік мәліметтер базасы ақпараттар жүйесі арқылы

Қызмет алушы өтінішін портал арқылы жолдаған жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижелері уәкілетті қызмет көрсетушінің электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электронды құжат түрінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда – қызмет алушының «жеке кабинетінде» өтінішті мемлекеттік қызмет көрсетуі үшін қабылдағаны жайлы статусы мемлекеттік қызмет нәтижесінің алу мерзімімен көрсетіледі.