Жарияланған күні: 09.04.2025 18:53
Өзгертілген күні: 09.04.2025 18:54

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері Сиань кеденінің (ҚХР) делегациясымен іскерлік кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – кедендік әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және трансшекаралық сауданың өзекті мәселелерін талқылау.

Келіссөздер барысында тараптар кедендік рәсімдердің тиімділігін арттыру жолдарын, жүктерді рәсімдеуді жеделдету мәселелерін, сондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті күшейту шараларын талқылады. Екі тараптың өкілдері осы бағыттар бойынша озық тәжірибелері мен жетістіктерімен бөлісті.

Кездесудің негізгі сәті тараптардың әріптестікті дамытуға, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және халықаралық сауда үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылысын айқындайтын Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Тараптар қол жеткізілген келісімдер кедендік әкімшілендіру саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мен жұмыстың тиімділігін арттыруға негіз болатынына сенім білдірді.