Жарияланған күні: 05.03.2025 18:51
Өзгертілген күні: 05.03.2025 18:54

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.

2025 жылғы 3 наурыздан бастап мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын салық төлеушінің тұрған (жоқ) жерін растау туралы хабарламалар СӘИЖ СТК-не жіберілетін болады.

2025 жылдың 3 наурыздан бастап жіберген құжаттар тек СӘИЖ СТК-да мына сілтеме бойынша https://knp.kgd.gov.kz қол жетімді болатынына және ескі Салық төлеушілер кабинетіне қоса жіберілмейтініне назар аударамыз.

Жаңа хабарландыруларды ескі СТК-ің «Хабарландыру журналы» бетіндегі сілтеме арқылы да көруге болады.

Бұл ретте, бұрын келіп түскен құжаттарды қарау Салық төлеушінің ескі кабинетінің Хабарламалар журналында қолжетімді болып қалатынын ескертеміз (https://cabinet.kgd.gov.kz).

СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің «Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат» бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:

  1. жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
  2. СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің «Қолдау – Кері байланыс» бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.