Жарияланған күні: 26.06.2025 15:31
Өзгертілген күні: 26.06.2025 15:41

«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен берлесіп өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан-әрі – ӨМТК) беру жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:

2025 жылғы 23 маусымнан бастап ӨМТК өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 20 маусымда сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде ӨМТК алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/57621 – зияткерлік меншік объектілері үшін.

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:

- +7 7172 73 55 19
- +7 705 956 53 89
- e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
- Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.