Жарияланған күні: 27.02.2025 17:11
Өзгертілген күні: 27.02.2025 17:13

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) келесіні хабарлайды.

1 наурыз сағат 16:00-ден 2 наурыз сағат 17:00-ге дейін интернет желісінде провайдерді ауыстыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, МКК ақпараттық жүйелері салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін ішінара қолжетімсіз болады.

Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.