
2025 жылғы 19 маусымда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалының қолдауымен Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері үшін АРА 2025 зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін дамыту, командалық рухты қалыптастыру және тарих, құқық және кәсіби бағыттар бойынша білімді насихаттау болды.
Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен барлық аудандық басқармалардың командалары қатысты.
Ойын достық атмосферада өтті, барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен білімдерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының командасы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Түрксіб және Медеу аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының командалары иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.