Жарияланған күні: 26.11.2025 18:01
Өзгертілген күні: 26.11.2025 18:03

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесіне» (СӘИЖ) көшуге байланысты Жеке шотының карточкасы мен Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірмесі 2025 жылғы 27 қарашадан бастап Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) қарау және алу үшін қолжетімді болады.

СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына хабарласа аласыз.

Назарларыңызға: СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты, көрсетілген есептік нысандарды ескі СТК арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.