
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 маусымда сағат 00:00-ден 10:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:
- 2025 жылғы 6 маусымнан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 9 маусымнан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.