Жарияланған күні: 17.10.2025 16:47
Өзгертілген күні: 17.10.2025 16:50

2025 жылғы 17 қазанда экономикалық саясатты, соның ішінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында бизнес өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихат депутаттарымен кездесу өткізілді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Сағнаев Ерлан Ермекұлы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Смағұлов Олжас Мұхтарұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек Мәулетбекұлы қатысты.

Барлығы 80 адам қатысты. Кездесуде бизнес-қоғамдастық өкілдері, мәслихат депутаттары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары болды.

Кеңесте көтерілген негізгі мәселелер:

- салық жүйесін жеңілдету;

- КТС бойынша сараланған мөлшерлемелер;

- ЖТС бойынша прогрессивтік мөлшерлемелер;

- арнаулы салықтық режимдерді оңтайландыру;

- ҚҚС мөлшерлемесін арттыру себептері;

- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін қолдау;

- өткен жылы сатып алынған ТМҚ-ның өзіндік құнын КТС мақсатында шегерімге жатқызу мүмкіндігі;

- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (44 ЭҚЖЖ), оңайлатылған декларация бойынша салық мөлшерлемесі;

- арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілермен операциялар бойынша жалпыға бірдей тәртіптегі ұйымдардың шығыстарын шегерімге жатқызу.

Кездесу барысында конструктивті диалог орнады, бизнес өкілдерінің ұсыныстары әрі қарай қарастыру үшін тіркелді.