
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен (бұдан әрі – Кеден кодексі) дипломаттық почтаны және консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге катысты тәртібі бөлігінде енгізілетін кеден заңнамасындағы өзгерістер туралы назарларыңызға жеткізеді.
Кеден кодексінің 384-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және консульдық мекемелердің дипломатиялық поштасы және консулдық вализасы, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы дипломатиялық немесе консулдық курьерлермен өткізіледі.
Аталған дипломатиялық және консулдық курьерлерде дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын олардың мәртебесі мен орындар саны көрсетілетін курьерлік парақ не оны алмастыратын өзге ресми құжат болуға тиіс. Курьерлік параққа не оны алмастыратын өзге ресми құжатқа қол қояды және дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны жөнелтетін мекеменің мөрімен бекітіледі.
Осылайша, егер де курьерлік парақ немесе оны алмастыратын өзге ресми құжатта нақты тасымалдауды жүзеге асыратын және дипломатиялық және консулдық курьер ретінде анықталған тасымалдаушының атауы көрсетілсе, онда осындай дипломатиялық және консулдық вализа Кеден кодекстің 384-бабының 7-тармағына сәйкес өткізіледі.
Дипломатиялық почта көлік (почта) ұйымдарымен дипломатиялық қурьердің сүйемелдеуісіз өткізілген жағдайда осындай заттар дипломатиялық почта болып табылмайды. Яғни, осындай заттарға дипломатиялық жүк мәртебесі берілуі және кедендік рәсімдеуді кедендік заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізу қажет.