Жарияланған күні: 30.04.2025 19:00
Өзгертілген күні: 30.04.2025 19:04

Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті нығайту және көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында екі бірдей акцияны іске қосты:

«Чек талап ет — жүлде ұтып ал!» акциясы
2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында тауар сатып алған немесе қызмет үшін ақы төлеген әрбір азамат ақшалай және бағалы жүлделерді ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Қатысу шарты — чекті Amian мобильді қосымшасында тіркеу.

Жаңа «Бәйге» акциясы
2025 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында Amian қосымшасы арқылы мейлінше көп фискалдық чек тіркеп, 100 000 теңге ұтып ал!
Әр тоқсан сайын еліміздің әр өңірінен 20 жеңімпаз анықталады. Жеңімпаз — өз өңірінде ең көп чек тіркеген қатысушы.

Өткізу кезеңдері:
- 1-кезең: 1 мамыр – 30 маусым;
- 2-кезең: шілде – қыркүйек;
- 3-кезең: қазан – желтоқсан.

Қалай қатысуға болады:
Amian мобильді қосымшасын жүктеп, тауар, жұмыс немесе қызмет үшін төленген фискалдық чектерді тірке.

Сканерле — қатыс — жүлде ұтып ал!