Жарияланған күні: 05.06.2025 11:12
Өзгертілген күні: 05.06.2025 11:14

Бұл ерекше күн – балалардың күлкісі мен болашағына арналған мереке. Осыған орай Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жыл сайынғы дәстүрге айналған #BIRGEDAMYUSHIN балалар сурет байқауын биыл бесінші рет өткізді.

Іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан Департамент басшысының орынбасары Ахметқалиев Арман Нұрланұлы бүлдіршіндерді шын жүректен мерекемен құттықтап, олардың шығармашылығына табыс пен жарқын болашақ тіледі.

Байқауға 84 бала қатысып, келесі тақырыптарда өз жұмыстарын ұсынды:

- «Салықтар балалар көзімен»

- «Кеден балалар көзімен»

- «Біз жемқорлыққа қарсымыз»

 

Жеңімпаздар жас ерекшеліктері мен номинациялар бойынша марапатталды:

3–7 жас аралығы:

1) Нұрсултан Зере

2) Маликайдар Нұрасыл

3) Еділұлы Абулхайыр

 

8–17 жас аралығы:

1) Жакып Елдос

2) Касенова Малика

3) Құдайберген Айша

 

Арнайы номинациялар:

- Ерекше идея

- Креативті шешім

- Жас суретші

- Жасампаз көзқарас

 

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Ресми бөлімнен кейін балалар үшін нағыз мереке жалғасты! Арнайы шақырылған аниматорлар сүйікті кейіпкерлер кейпінде ойындар мен көңілді байқаулар өткізіп, балаларға шаттық пен қуаныш сыйлады.

Балалардың бақытты күлкісі – біз үшін ең үлкен марапат!