Жарияланған күні: 09.12.2016 16:49
Өзгертілген күні: 09.12.2016 18:03

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

 

Алматы қ. бойынша МКД Қазақстан Республикасының салық заңнамасында ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізілгенін хабарлайды.

Салық Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2017 жылдын 1 қантар айынан бастап ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін жеке меншік (жер пайдалану құқығы) жер учаскелерінің міндетті түрде болу шарттарын алып тасталынды.

Осы ерекшелік ауыл шаруашылығы кооперативі және омарта шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қолданылады.

Осы байланыста салық режимін қолдану үшін, жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе басқа да арнаулы салық режимінен ауысқан жағдайда салық төлеушi арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылады.

Жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер арнаулы салық режімiн қолдану үшiн Салық кодексінің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.

Осылайша, жеке меншік (жер пайдалану құқығы) жер учаскелерінің болмауы салдарынан көрсетілген арнаулы салық режимін қолданбаған ауыл шаруашылық кооперативтерін, егер 2017 жылдан бастап аталған салық салу режимін қолдануды шешкен жағдайда, хабарлама 10 желтоқсанына дейін жіберу керек.