Жарияланған күні: 07.10.2016 16:44
Өзгертілген күні: 07.10.2016 16:54

2016 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында ТМД қатысушы-елдердің салық органдары басшыларының үйлестіруші кеңесінің (ТМД СОБҮК) XXIII отырысы өтті.

Отырысқа салық органдары басшыларының бастауымен Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова делегациялары, ТМД Атқарушы комитеті мен ТМД СОБҮК Базалық ұйымы – «Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржылық университет» өкілдері қатысты.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Грузия Қаржы министрлігі Кірістер қызметінің делегациясы шақырылды.

Жиынның жұмысына қатысушылардың алдында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек сәлемдеме сөз сөйледі. Ол салықтық әкімшілдендіру саласындағы құзыретті мемлекеттік органдардың тиімді өзара қарым-қатынасына бағытталған Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы – Алматы қаласында өтіп жатқан бұл форумның маңыздылығына назар аударды.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин отырыстың төрағалық етушісі ретінде жұмысты ашып, оның қатысушыларына жемісті жұмыс атқаруды тіледі.

Ол жыл сайын салықтық әкімшілдендіру механизмінің жетілетіндігін, жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілетіндігін, көрсетілетін қызметтің кеңейетіндігін және салық төлеушілерге жағымды жағдай жасалатындығын атап өтті.

XXIII отырыстың күн тәртібіне ТМД қатысушы мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының өзекті мәселелері енгізілді. Талқылаудың бас тақырыбы тауарларға электрондық шот-фактуралар және ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мен кдедендік және салық жүйелерін біріктіру бойынша ТМД қатысушы мемлекеттер салық органдарының тәжірибесі болды.  

Қазақстандық тарап «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарларды әкелу және айналымға салудың кейбір сұрақтары» атты хаттаманы іске асыру мақсатында енгізілген «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі туралы айтып берді.

ТМД салық органдарының өкілдері ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық саясатты және салықтыұ әкімшілендіруді жүзеге асыру, оның ішінде электрондық шот-фактураларды енгізу бойынша жағымды тәжірибесі мен жоғары көрсеткіштерін атап өтті.

6 қазанда сарапшылардың отырысы болды. Онда көлеңкелі табысты, оның ішінде «көлеңкелі жалақыны» салықтық айналымға тарту тәжірибесі, заңи шешімдер, салықтық әкімшілендірудің құралдары, салықтық резиденттікті растау үшін электрондық сертификаттарды қолдану, сондай-ақ салық төлеушілердің салық органдарымен қарым-қатынасының заманауи әдістері талқыланды.   

Сарапшылар келесі жылдың жұмыс жоспарына қосуға ұсыныстарды дайындады.

Жиынның қортындысында қазақстандық тарап Кеңестегі төрағалықты Қырғыз Республикасынан келген әріптестеріне тапсырды. Сонымен бірге Кеңесте келесі жылғы жұмыстың басты бағыттары анықталды, тиісті шешімдерге қол қойылды және СОБҮК 2016-2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

XXIII отырыстың ерекшелігі осы жылы Кеңестің құрылғанына 15 жыл толуында.

Осыған орай ТМД Атқарушы комитетінің шешімімен Кеңестің жұмысы мен оның құрылған күнінен енгізілген жобаларды іске асырылуына зор үлес қосқан ТМД салық органдарының қызметкерлері гармоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)