2016 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында ТМД қатысушы-елдердің салық органдары басшыларының үйлестіруші кеңесінің (ТМД СОБҮК) XXIII отырысы өтеді.
Отырысқа салық органдарының басшыларының бастауымен Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова делегациялары, ТМД Атқарушы комитеті мен ТМД СОБҮК Базалық ұйымы – «Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржылық университет» өкілдері қатысады.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Грузия Қаржы министрлігі Кірістер қызметінің делегациясы шақырылды.
Жиынның жұмысына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің қатысуы күтілуде.
XXIII отырыстың ерекшелігі осы жылы Кеңестің құрылғанына 15 жыл толуында.
XXIII отырыстың күн тәртібіне ТМД қатысушы мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының өзекті мәселелері енгізілді. Талқылаудың бас тақырыбы тауарларға электрондық шот-фактуралар және ілеспежүкқұжаттарды енгізу мен кдедендік және салық жүйелерін біріктіру бойынша ТМД қатысушы мемлекеттер салық органдарының тәжірибесі болады.
Қазақстандық таоарп «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарларды әкелу және айналымға салудың кейбір сурақтары» атты хаттаманы іске асыру мақсатында енгізілген «Электрондық шот-фактуралар»ақпараттық жүйеісі туралы айтып береді.
Отырыста келесі жылға жұмыстың басты бағыттары анықталатын болады.
Отырыс қортындысы бойынша ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Кеңестегі төрағалықты Қырғыз Республикасынан келген әріптестерге табыстайды.
Өткізілу орны: Алматы қ., Оспанов к-сі, 401
«Royal Tulip Almaty» мейманханасы «Ballroom» залы
Күні және уақыты: БАҚ-ты аккредиттеу 2016 ж. 06 қазан 21.00-ге дейін
БАҚ-ты тіркеу 2016 ж. 07 қазан сағат10.00-ден 10.30-ға дейін
Басталуы 2016 ж. 07 қазан сағат 10.30-да
БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар: қызметтіктелефон +7 (727) 267 69 97, 8 708 846 23 46, 8 702 697 77 66, 8 701 035 00 05 және электрондық мекен-жайлар бойынша: unar_4_6001@taxgalmaty.mgd.kz; dgd.almaty@mail.ru; t.aben@kgd.gov.kz
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі