Жарияланған күні: 03.06.2016 15:43
Өзгертілген күні: 03.06.2016 15:56

Алматыда салық салудың өзекті мәселелері талқылануда

 

2015 жылдың 3 маусымы -  Алматыда жаңа салық-кедендік кодекс, электрондық шот-фактуралар, жалпыға бірдей салықтық мағлұмдау және бақылау-кассалық машиналар секілді салық салудың өзекті мәселелеріне арналған конференция өз жұмысын бастады. Іс-шара аясында мемлекеттік органдар, жетекші аудиторлық, заңгерлік және сабағаттық компаниялардың өкілдері салық заңнамасында жоспарланып отырған өзгерістерді қарастырып, олардың бизнеске тигізетін ықпалына талдау жасады. Сонымен қатар, қатысушылар республикадағы салық салудың өзекті беталыстарын, ҚР-да жалпыға бірдей мағлұмдауды ендірудің кезеңдерін, кедендік реттеудегі өзгерістерді, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі жұмысының ережелерін және т.б. көптеген мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Іс-шараны Салықтық және кедендік кеңес берушілердің ұлттық қауымдастығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен және Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырды.

Конференцияның басты спикерлерінің арасында келесі тұлғаларды атап өтуге болады: Жәннат Ертілесова, Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы; Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика жөніндегі бірінші вице-министрі; Дәулет Ерғожин, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы; Толғанай Ботақанова, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті әдіснама департаментінің директоры; Арғын Қыпшақов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары және т.б.

ҚР Ұлттық экономика жөніндегі бірінші вице-министрі Марат Құсайынов жаңа салықтық-кедендік кодекс жобасы, ҚҚС орнына сатылымнан салық төлеуді ендірудің артықшылықтары мен кемшіліктері, жаңалықтары, Арнайы салықтық тәртіп бойынша салық салудың реформалары жөнінде сөз қозғады. Жұмыс тобы 5 %, 7 %, 10 %, немесе 12% ..  мөлшерінде салық салу мәселесін талқылауда. Осымен қатар салықты басқаруды жетілдіру арқылы және де салықтық жеңілдіктердің санын барынша азайта отырып ҚҚС-ын сақтау мәселесі де қарастырылу үстінде.

Екінші маңызды реформа шағын және орта бизнеске салық салудың ерекшеліктерін белгілей отырып қолданыстағы арнайы салықтық тәртіптерді оңтайландыру, сондай-ақ, кіріс пен шығысқа салынатын салықты есептеуді ендіру болып табылады.

Марат Әпсеметұлы қазіргі экономикалық жағдайды, бизнестің экономикалық және іскерлік белсенділігіне әсер еткен сыртқы факторларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі Салықтық-кедендік кодексті қабылдаудың мерзімін 2017 жылға ауыстырғанын атап өтті (кодекс 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді).

Дәулет Ерғожиннің сөзінше, Салықтық-кедендік кодекс жобасында келесі негізгі қосымшалар қарастырылған: бастапқы ақпараттандыру және бастапқы мағлұмдауға қатысты жаңа тәсілдеме, шекарадан шығу мүмкіндігі, электрондық мағлұмдауға өту, тауарларды автоматты шығару, кедендік бақылау кезінде тауарды шығарудан кейінгі кезеңге басты көңіл бөлу, әкімшілік жауапкершілікке тартпай, тауар шығарылғанға дейін оның декларациясына түзетулер енгізу.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС-ын төлеушілердің барлығы шот-фактураларды электондық түрде жазып беруге міндеттеледі. Ал ҚҚС-ын төлеушілердің кейбір санаттары осы міндетті 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап және 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап орындауы тиіс.

Осы ретте ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары А.М. Қыпшақованың сөзінше, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) келесі артықшылықтарға ие: құжат айналымы кезінде жұмсалатын уақыт, қағаз және еңбек қорлары азаяды, шот-фактуралардың жылдам жеткізілуіне кепіл болады, ақпараттың құпиялығы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ, жүйені қолданушылар үшін ҚҚС-на қатысты ұсынылатын салықтық есептілік көлемі айтралықтай төмендейді.

Сонымен қатар, ЭШФ АЖ мемлекеттік сатып алу шарты бойынша жұмыс жасайтын тұлғалар үшін де ыңғайлы, өйткені тауарларды алатын мемлекеттік мекеме жеткізушінің ЭШФ АЖ-де жазып берген электрондық шот-фактурасының негізінде "Қазынашылық-клиент" АЖ-де төлемге арналған шотты автоматты түрде рәсімдей алатын болады.

Осы ретте ақпараттық жүйенің дамуы бір орында тұрған жоқ. Жүйе бизнесті жүргізудің жағдайларын жеңілдету, сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға жол бермеу қағидалары негізінде жетілдірілуде.

Осылайша келісімге қатысты құжат айналымын, оның ішінде шот-фактураларды ғана емес, сонымен бірге, жүкқұжаттарды, атқарылған жұмыстар актісін және т.б. толығымен электрондық түрде жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болмақ.

Сондай-ақ, қазіргі таңда ЕАЭО шеңберінде халықаралық келісімдер кезінде электрондық шот-фактураларды қолдану мәселесі пысықталуда, бұл ЕАЭО аясындағы салықтық есептілік үлгілерінің азаюына (тауарларды әкелу туралы өтініш және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың декларациясын алып тастауға) әкелмек. Сәйкесінше тауарлардың импортын растайтын құжаттарды (тауарға ілеспе құжаттар, шарттар, келісімшарттар, банк көшірмесі, шекаралық бақылаудан өту туралы талон және т.б.) ұсыну қажет болмайды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей мағлұмдауға өтуге байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті мағлұмау жүйесіне енудің негізгі кезеңдері, жеке тұлғалардың декларацияларды ұсыну және оған өзгерістерді енгізу тәсілдері туралы ақпарат берді. ҚР ҚМ МКК әдіснама департаментінің директоры Толғанай Ботақанова атап өткендей, шамамен 8 млн. адам (декларацияны ұсынуға міндетті тұлғалардың 70%-ы) жыл сайын қысқа декларацияны ұсынатын болады .

Көлеңкелі экономиканы азайтуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап салық кодексіне сәйкес республикамыз деректерді жіберу функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданудың жаңа тәртібіне біртіндеп көшуде. "Қазақтелеком" АҚ фискалдық деректердің операторы болып белгіленді. Ол бақылау-кассалық машиналады қолдана отырып орындалатын ақша есептесу операциялары туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпестен жеткізу, қабылдау, өңдеу және сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды дайындады. "Қазақтелеком" АҚ  бақылау-кассалық машиналардан деректерді МКК серверлеріне дейін жеткізуді қорғалған VPN-арналар арқылы қамтамасыз ететін болады.

Қазіргі таңда 60 мыңнан аса бақылау-кассалық машина фискалдық деректер операторына қосылған және де деректерді МКК серверлеріне жіберіп отыр. Фискалдық деректер операторының порталында тіркелген салық төлеушілер қазірдің өзінде онлайн жүзінде x және z есептемелерін көре алады.

Көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында "Қазақтелеком" АҚ таяу уақытта мобильдік қосымшаны, фискалдық деректер операторының чектері бойынша онлайн-лотереяны, сондай-ақ, шағын және орта бизнеске арналған басқа да қосымша серивистерді іске қосуды жоспарлап отыр.

 

Конференция аясында электрондық шот-фактураларға, жалпыға бірдей мағлұмдауға, деректерді жіберу функциясы бар бақылау-кассалық машиналарға арналған сабағаттық стендтер жұмыс жасады.

Конференцияға қатысушылар кеңес берушілердің көмегімен:

1.     ЭШФ АЖ және egov сервистерімен жұмыс жасау үшін Ұлттық куәландырушы орталықтан кілт ала алды;

2.     Кілттерді қолдану және ЭШФ АЖ-де тіркеу мәселелеріне қатысты кеңес алды;

3.     ЭШФ АЖ жұмыс ережелерімен танысып, электрондық шот-фактураларды толтырып, жіберуді үйренуге мүмкіндік алды.