
2025 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің бас маманы Әлиясқарова Айкерім Абуханқызы "Халықаралық экономикалық интеграция жағдайындағы кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Бұл шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде өтті.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен өткен конференцияға жетекші ғалымдар, шетелдік сарапшылар және мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша кеден құқығын дамыту және ЕАЭБ шеңберіндегі интеграциялық процестерді нығайту мақсатындағы одан әрі ғылыми ынтымақтастыққа ұмтылыс атап өтілді. Бұл ғылыми алаң кедендік реформаларды жетілдіруге бағытталған теория мен практика арасындағы маңызды көпір болды.