
2018 жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында келелі жиын өтті. Аталмыш жиынға мұрындық болған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, жиналған мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша семинар өткізді.