Жарияланған күні: 01.02.2017 17:44
Өзгертілген күні: 03.02.2017 15:18

2017 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттін қызметшілеріне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу мәселелері қарастырылған семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Б. Байгалиев қатысушылардың өткізілетін аттестаттаудың мақсаты мен міндеттеріне, оның өткізілу кезеңдеріне, сондай-ақ, Департаментпен ҚР Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы №404 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» Жарлығының негізгі ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген іс-шаралар жоспарына  назар аударды. 

Баяндамада аттестаттаудың өткізілу тәртібі мен оның кезеңдеріне түсінік беріліп, сондай-ақ, аттестаттауға жатпайтын тұлғалар бойынша мәлімет ұсынылып, бейнеролик және слайд көрсетілді.

Кездесу барысында қатысушылардың қойылған сұрақтарына бас маман  тарапынан жауап берілді.