Жарияланған күні: 18.03.2016 16:26
Өзгертілген күні: 22.12.2016 09:24

ҚҰРМЕТТІ  ОТАНДАСТАР!

 Сіздерді ғасырлар қойнауынан бастау алып елімізде ұдайы мерекеленетін берекелі Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Тарихи тамыры тереңге бойлаған - Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің,  іргесі сөгілмес бірліктің ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы-көктем мен жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.

Ол-өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа наурызды қарсы алайық! Отанымызға- береке, халқымызға игілік, мемлекетімізге-молшылық, әр шаңыраққабақыт пен шаттық тілейміз.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ырысы көп, табысы толағай, құтты да берекелі жыл болсын.

Ізгі ниетпен, Алматы қаласы  бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті