Жарияланған күні: 05.06.2025 12:27
Өзгертілген күні: 05.06.2025 13:16

2025 жылғы 3 маусымда Алматы қалалық «AMANAT» партия филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Отырысқа мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері және «AMANAT» партиясының мүшелері қатысты. Баяндама жасаған — Департаменттің Адам ресурстары басқармасына қарасты қызметтік тексерулер бөлімінің маманы Айдарханов Рустам Рамазанович.

Талқылау барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды азайту шаралары қаралды.