Дата публикации: 24.06.2019 10:04
Дата изменения: 24.06.2019 10:04

«ВИРТУАЛДЫ ҚОЙМА» МОДУЛІН ҚОЛДАНУ ЖОЛЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШОТ-ФАКТУРАЛАРДЫ ЖАЗДЫРЫП АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 19-21 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Виртуалды қойма» модулін қолдану жолымен электрондық шот-фактураларды жаздырып алу ерекшеліктері» тақырыбына бейне байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты - «Виртуалды қойма» модулін қолдану арқылы электрондық шот-фактураларды жаздырып алу ерекшеліктерінің принциптерін, негіздерін, тәртібін түсіндіру.
Іс – жүзіндегі тәжірибеге қарағанда, «Виртуалды қойма» модулін қолдану арқылы электрондық шот-фактураларды жаздырып алу ерекшеліктері бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың ішіндегі түсінік беруге ең жиі түсетін сұрақтардың бірі болып есептеледі.
Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов атқарды.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде Данара Едгеровна Жампозова - ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті Өтпелі мониторинг басқармасының бас сарапшысы қатысты.
Сонымен қатар, семинарда Айсулу Касеновна Бурамбаева – ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті Өтпелі мониторинг басқармасының басшысы сөз сөйледі.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.