Дата публикации: 20.08.2019 12:17
Дата изменения: 20.08.2019 12:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Салық және кеден дауларын сотқа дейін реттеу жөніндегі аппеляциялық комиссия 2019 жылдың 1 жарты жылдығында 14 отырыс өткізді, онда салықтық және кедендік тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаға 118 шағым қаралды. 28 тексерістің (24%) нәтижелері бойынша салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қолданды және толық немесе бір бөлігі ішінара жойылды.

Апелляциялық комиссиямен қабылданған  шешімдерге сенімділік және айқындық дәрежесін көтеру үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 272 шешім орналастырылды.

2019 жылдың сәуір және мамыр айларында Қазақстан салық төлеушілер Қауымдастығының ұйымдастыруымен Жоғарғы сот, ҰЭМ, МКК қатысуымен   2 Дөңгелек үстел отырысы өткізілді, сонда «Салықтық даулар: «Тәжірибе және жетілу жолдары» - деген тақырыпқа шолу өткізілді.