Дата публикации: 05.10.2021 14:48
Дата изменения: 05.10.2021 14:51

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың наурыз айында арнаулы  coronavirus2020.kz (бұдан әрі – Сайт) іске қосылғанын хабарлайды.

Сайт короновирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі жаңалықтар мен  өзге де пайдалы мәліметтерді, ҚР Үкіметінің қолға алған шаралары, вакцинация т.б. мәселелер туралы сенімді ақпарат тарататын ресми алаңға айналды. Сондай-ақ сайт негізінде coronavirus2020.kz telegramm-каналы ашылды.

Ресурста күнделікті негізде мынадай мәліметтер жарияланады:

         - КВИ бойынша күнделікті статистика, ҚР ДСМ, ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес аөпаратты жинау/өңдеу/жариялау;

         - вакцинация, ауруханадағы төсек-орын қорының  толуы бойынша көрнекі графика; 

         - «Ресми ақпарат», «Фейктер мен фактчекинг», «Вакцинация», «Қазақстан жаңалықтары», «Әлем жаңалықтары» айдарлары бойынша жаңалықтар;

       - ҚР Үкіметі/Ведомствоаралық комиссияның COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша жиналыстарына ақпараттық қолдау, ҚР ДСМ және басқа меморгандар/квазимемлекеттік сектордың  брифингілерінен онлайн-трансляция;

         - Ведомствоаралық комиссия шешімдері мен барлық өңірлер бойынша бас санитарлық  дәрігерлердің қаулыларын жариялау;

         - COVID-19 өзекті тақырыптары бойынша танымдық контент орналастыру;

         - Азаматтардан келіп түскен өтініштерді өңдеу, жауаптарын жариялау.