Date of publication: 20.07.2018 11:52
Date of changing: 20.07.2018 12:15

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінде есірткі құралдарын халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы өткізбек болған факті анықталды.

25.06.2018 ж. Алматы қ. бойынша МКД «Жетісу»  кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының Халықаралық әуежайында арнайы техникалық құрал арқылы кедендік бақылау жүргізу барысында 18.06.2018 ж. АҚШ – тан Н азаматына жолданған, жалпы салмағы 0,7 кг құрайтын экспресс –жүктен  жасыл түстес өсімдік тектес өзіндік иісі бар заттар табылған.

Сараптаманың  қорытындысы бойынша табылған заттар «гашиш» және «марихуана» болып анықталған.