Date of publication: 23.03.2015 23:50
Date of changing: 01.07.2015 10:25

Бірыңғай жер салығын есептеу.

 

o    920.00 үлгідегі салық есептілігінде көрсеткен  жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскілерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, Салық кодексінің 444 бабына өзгеріс енгізілді. Егер бұрын  алаңы 500-га дейін жер учаскілерінің салық ставкасы 0,1 пайыз болса, жаңа жылдан бастап, 0,15 пайызға көтерілді.

            

Жер учаскілерінің алаңы (гектар)

Салық ставкасы

1.

 500-ге дейін

0,15%

2.

501-ден 1 000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,15% 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құн + 0,3%

3.

1001-ден  1500-ге деін қоса алғанда

1001 гектардан бағалау құнының 0,3%  1000  гетардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,45%

4.

1501-ден  3000-ға дейін қоса алғанда

1501 гектардан бағалау құнының 0,45%  1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,6%

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан  бағалау құнының 0,6%  3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,75%

 

 

 

o    Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкерге, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің  20 пайыздық  ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. (БСК-103101) 

o    Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының 10% пайыздық ставкасымен салық есептелінеді.  (БСК-101201)

o    Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.             (БСК-901101)

o    Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 5% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.              (БСК-902101)

o    Салық кодексінің 484 және 495 баптарына  сәйкес, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы және  қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы есептелінеді.