Date of publication: 23.03.2015 23:32
Date of changing: 12.02.2016 15:07

Шетелде жылжымайтын мүлкің болса- оны заңдастыруға асық!

Қазақстан тұрғындарының кірістерін жалпылама декларациялауды енгізу жолында шетелдегі жылжымайтын мүлікті жария ету (заңдастыру) бойынша акция жарияланды.

Сондықтан 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен  2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығында ҚР аумағынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету керек.

Ол үшін:

1.      Заңға сәйкес қосымша 1 нысаны бойынша екі данада жылжымайтын мүлікті жария ету үшін  арыз;

2.     Жеке куәліктің көшірмесі, арызды өткізу кезінде жеке куәліктің түпнұсқасын ұсыну;

3.     Мүлікті растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4.     Мүлікті бағалау немесе сатып алудың құнын растайтын құжат;

5.       Мүліктің бағалау немесе сатып алу құнының 10 пайызы көлемінде алымның төленгенін растайтын құжат қажет.