Date of publication: 23.03.2015 23:38
Date of changing: 01.07.2015 10:32

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға

сай келетін дара кәсіпкерлер қолданалады.

 

o    Жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын;

o    Салық кезеңіндегі  табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен  (6 409 200)  аспауы  тиіс.

o    Патент кемінде 1 ай мерзімге немесе 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі.

o    Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

o     

Патент құнын есептеу.

 

o    Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 % мөлшеріндегі ставка қолданылады.

o    Патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы(БСК-101202)

o    «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төлеуге жатады. (БСК-103101)

o    Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді. (БСК-901101)

o    Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 5% пайызынан кем емес жарна есептелінеді. ( БСК-902101)

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі

арнаулы салық режимі

 

Мынадай шартарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

Дара кәсіпкерлер үшін:

o    Дара кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адамнан аспайтын болса;

o    Салық кезеңі ішінде шекті табысы ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерінен (29 909 600 теңгеден)аспайтын болса;

o    Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

Заңды тұлғалар үшін:

o    қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 50 адамнан аспайтын болса;

o    Салық кезеңі ішінде шекті табысы  ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерінен (59 819 200 теңгеден)аспайтын болса;

o    Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады. 

 

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі анрнаулы салық

 режимі бойынша есптеу.

o    910.00 үлгідегі салық есептілігінде көрсеткен  табыстан 3% пайыз салық есептелінеді.

o    Жеке (корпорациялық) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ мөлшерінде, (БСК-101202; 101101).

o    Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының  міндетті әлеуметтік  сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есенптелген әлеуметтік аударымдар  сомасын алып тастағаннан кейін оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ бөлігі мөлшерінде төлеуге жатады. (БСК-103101) 

o    Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.

o    Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 5% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.

o    Жалдамалы жұмысшылар жалақысынан Салық кодексінің 158 бабына сәйкес 10% пайызы жеке табыс салығына есептелінеді.