Жарияланған күні: 29.02.2024 10:44
Өзгертілген күні: 29.02.2024 10:44

2024 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласы бойынша МКД қызметкерлері Ritz Carlton Almaty-да «Tax Talks Kazakhstan 2024» жалпыға бірдей декларациялау бойынша ірі форумға қатысты.

 

Барлығы 150 адам офлайн, сонымен қатар 5000 онлайн көрермен болды.

 

Іс-шараның мақсаты - жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің мәселелерін түсіндіру бойынша аудиторияны кеңінен қамту.

 

Спикерлер ретінде Алматы қаласы бойынша МКД қызметкерлері, салық саласының сарапшылары, QAMS атқарушы директоры, Freedom Finance Global Басқарма Төрағасы, KASE және AIX өкілдері шақырылды.

 

Форум спикерлері жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне ену, кірістерді декларациялау саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары, бағалы қағаздар және шетелдік мүлік бойынша салық декларацияларын дайындау практикасы, қор нарығындағы инвесторлардың табыстары, қор нарығында алынған ҚР резиденттерінің табыстарына салық салу тақырыптарына сөз сөйледі, сондай-ақ сұрақ-жауап сессиясы өтті.