Жарияланған күні: 06.10.2021 09:37
Өзгертілген күні: 06.10.2021 09:38

        Салық міндеттемелерін орындау азаматтық-құқықтық мәмілелердің шарттарына және мәмілелерге қатысушылары арасындағы қаржылық қатынастарға байланысты болады, сәйкесінше бұл жағдайда салық салу тәртібіне қатысты салық заңдамасының жалпы ережелеріне түсініктеме беруге болады.

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 226-бабы 1-тармағының 6 тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа (бұдан әрі-ЖЖТ) салық төлеуші кірістерінің барлық түрлері қосылған құн салығы мен акциз сомасын, оның ішінде күмәнді міндеттемелер бойынша табысты қоспай-ақ енгізіледі.

       Күмәндi мiндеттемелер бойынша кіріс салық кодексінің 226 бабында көрсетілген.

       Салық кодексінің 230 бабының 1 тармағына сәйкес, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ жұмыскерлердің осы Кодекстiң 322-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жазылған кірістері бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша кіріске алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.

       Салық кодексінің 230 бабы 2 тармағының 1 тармақшасында күмәнді міндеттеме бойынша кіріс, кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап танылатыны айқандалған.

         Азаматтық кодекстің 405 бабында тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзімге ұзартуға құқылы екендігі көзделген. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту Азаматтық кодекстің 397 бабының ежелері бойынша жүргізіледі.

        Осылайша,  егер сыйқыны есептейтін қарыз шарттарының мерзімі үш жылдық кезең өткенге дейін ұзартылатын болса, онда ЖШС-де күмәнді ретіндегі сыйақы сомасын ЖЖТ-қа қосу бойынша міндеттемелер туындамаиды. Шарт ұзартылмаған жағдайда, мерзімі ішінде төленбеген сыйақылар мөлшерінде күмәнді міндеттемелер сомасын ЖЖТ-қа қосу бойынша міндеттеме туындайды.