Жарияланған күні: 06.10.2021 09:18
Өзгертілген күні: 06.10.2021 09:28

          Қазақстан  Республикасында  2018 жылдың 1- сәуірінен бастап кедендік тазарту  АСТАНА-1  автоматтандырылған акпараттық жүйесі аркылы жүзеге асырылады. Сыртқы экономикалық қатынас мүшелері тапсырған 17 кедендік жосығының арасындағы бір электронды қалыптағы тауарлар үшін декларациясы  АСТАНА-1 акпараттық жүйесі бойынша кедендік бақылаудан өтеді, Тәуекелдерді басқару жүйесі  арқылы өткен декларациялар нәтижесіне  байланысты 4 дәліздің біреуіне түседі: «жасыл»-  жүктер  кедергісіз  кедендік  тазартудан өтеді, «сары»- инспектор  кедендік ресімдеудің  орнына  ережеде көрсетілген  іс-әрекетті орындайды,   (құжаттарды тексеру, қосымша бақылау, кедендік құнды  түзету және басқалар) және нәтижесіне қарай  жүктер  «жасыл» немесе  басқа дәлізге  ауыстырылады, «сары» және «көк»  дәлізге  түскен декларациялар, одан әрі  құжаттар мен  мәліметтерді қосымша  тексеру мемлекеттік кірістер департаментінде (тарифтік реттеу басқармасы, тауар шығарғаннан кейінгі  кедендік бақылау басқармасы) жүзеге асырылады, атап айтқанда қамтамассыз ету картасын ресімдеу және кедендік құн расталған жағдайда  сыртқы экономикалық қатынас мүшесінің  қаражатын  депозиттік шоттан  қайтару, тауарларды жіктеу  дұрыстығын тексеру, қосымша құн салығын есеп және  жеңілдік берілуінің заңдылығын тексеру.  Егер «қызыл» дәліз таңдалса немесе  декларацияны тексеру нәтижесінде «қызыл» дәлізге ауыстырылса, кедендік  тексеріп-қарау  жүсеге асырылады. Кедендік  жосықтар  ресімдеу ережесін, тауарлар үшін декларацияларды ресімдеу мерзімін, қоймаларда тауарларды сақтау  мерзімін бақылау, кедендік жосықтарды өзгерту және  аяқтау  кедендік әкімшілендіру  басқармасымен  жүзеге асырылады.

         Осылайша мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік блогы (бірінші кезең кедендік бекеттер мен болімшелер, одан әрі  мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімдері,  кедендік әкімшілендіру басқармасы,  тарифтік реттеу басқармасы,  тауар шыққаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы және кедендік тексеріп-қарау  басқармасы) тауарларды кедендік  тазарту және  кедендік төлемдер мен салықтарды бюджетке барынша толық өндіру  бойынша  іс-әрекетін  кедендік әкімшіленіру  арқылы жүзеге  асырады.

Кедендік төлемдер мен салықтарды өндіру бойынша  департаментке  қойылған міндет- 2021 жылы бюджетке 439,6 млрд тенге өндіруді қамтамассыз ету, ал бұл республика бойынша  барлық кедендік төлемдердің 26,5 пайызын  құрайды.

Ағымдағы жылдың 9 айында департамент жұмысының нәтижесінде бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтар, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 29.3 пайызға  (69 млрд тенге) көп.