Жарияланған күні: 15.04.2015 18:12
Өзгертілген күні: 16.04.2015 16:12

«Конверттегі» жалақы – жұмысшы үшін қауіпті!

                                                         

Егер сіз келісімшартқа отырмай жұмыс жасасаңыз  немесе келісімшартта өз жалақыңыздан аз сомма көрсетілсе, онда келесі салдарларға дайын болыңыз:

1.зейнетақы қорланымы бомайды;

2.еңбек өтілімі болмайды;

3.банктен несие ала алмайсыз;

4. «Қолжетімді үй» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алмайсыз;

5. бала күтімі бойынша жәрдемақы ала алмайсыз;

6. сақтандыру мәселесі туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорынан әлеуметтік аударымдар төленбейді.

Бұндай жағдайларға тап болмау үшін, жұмысшы жұмыс орнынан жалақы туралы анықтаманы мезгілді талап ете алады және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» зейнетақы аударымы туралы анықтаманы сұрата алады.

 

Жұмысшыларға жасырын төленген немесе «Конвертте» төленген жалақы туралы ақпаратты жазбаша түрде Алматы қ. бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің кеңсесіне немесе 380-01-01 «сенім телефоны»  бойынша хабарлай аласыз.