Жарияланған күні: 03.04.2015 23:36
Өзгертілген күні: 22.12.2016 10:02

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Алматы қаласы бойынша МКД бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен «Консультативтік кеңес» өткізді.

2015 жылдың 2 сәуірінде Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде бизнес-қауымдастықтар және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен Консультативтік кеңестің отырысы өткізілді.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістертердің жаңа Департаменті құрылғаннан кейін салық және кеден заңнамасы мәселелеріне байланысты, біріктірілген нысандағы консультативті-кеңес ұйымы болатын Консультативтік кеңес құрылды.

Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты салық және кеден ісі аясындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына көмектесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы салықтық және кедендік реттеуді жетілдіру, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімді әдістерін енгізу және мемлекеттік кірістер органдарына сенімді арттыру.

Баяндамашылар жалған кәсіпкерлікке қарсы күрестің шаралары, бизнес-процесстерді оңтайландыру жұмыстары және электронды шот-фактураны енгізу мәселелері туралы, сонымен бірге кедендік рәсімдерге және кеден заңнамасын жетілдіру мәселелеріне байланысты өткізілген жұмыстар жайлы айтып кетті. 

Жаңа департаменттің құрылуымен бірге мемлекеттік бақылау нысаны да ауысты. Осылайша, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және кеден және салық заңнамаларын насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері, апта сайын бизнестің түрлі салаларына (СЭҚ қатысушыларының салық салуы, акциздетелетін тауарларды сату, қаржы және сақтандыру қызметі, ресторандар және тамақтандыру орындары),сондай- ақ заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерге байланысты 13 ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді.

Семинарлар өткізіле бастағаннан бері, сауда үйлерінің және базар сатушыларының белсенділік таныта бастағаны байлады және салық бойынша алдыңғы кезеңдерді қайта есептеу мысалдары кездесіп жатады. Бірақ, салықтан жалтарудың да фактілері анықталуда. Олар бойынша департаментпен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларды жоюдың шаралары қолданылды.

Сонымен қоса, отырыста экономикалық тергеу қызметінің жұмысына байланысты мәселелер талқыланды.

Бизнес-қауымдастықтардың атынан «Кедендік делдалдардың Казақстандық Ассоциациясының» төрағасы Г.А. Шестаков, «Секрет+Сервис» кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығының директоры В.А. Ермаков, кәсіпкерлердің Алматы ассоциациясының президенті В.В. Ямбаев, СЭҚ қатысушыларының Еуразиялық одағының төрағасы К.М.Алдабергенов және т.б. сөз сөйледі.

Бизнес-қауымдастықтардың өкілдері салықтық және кедендік әкімшілік етудің қолданылатын әдістерін жетілдіру, тарату рәсімдері, кедендік тазартулардан өту, Алматы қ. бойынша МКД сайтының ақпараттық құрылымын кеңейту бойынша және жалпы мемлекеттік қызметтің сапасын біздің кәсіпкерлер үшін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Отырысты қорытындылай келе, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің жетекшісі М.Е.Сұлтанғазиев қаланың бизнес-қауымдастығымен өзара ынтымақтастық арқылы біздің қаланың кәсіпкерлерінен кері байланысты алудың маңыздылығын, сонымен қатар отырыста көтерілген сұрақтар мен мәселелердің өзектілін атап өтті.

М.Е.Сұлтанғазиев, сөзін қорытындылай келе, қызықтыратын ассоциацияларға кедендік рәсімдерді өткізу кезінде және Алматы қ. бойынша МКД жанында әрекет ететін жұмысшы комиссиямен бірге қатысуды ұсынды, сонымен қатар банктік шоттарды жабу амалдарын жетілдіру және экономикалық тергеу Қызметінінің жұмысында, салықтық және кедендік әкімшілік етуде туындайтын жағдайларды жедел қарастыруды жүзеге асыратын жұмысшы топтардың құрылатындығы жайлы мәлімдеді.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті