Жарияланған күні: 05.07.2018 11:08
Өзгертілген күні: 05.07.2018 11:11

Құрметті отандастар!

Сіздерді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шын жүректен Астана күнімен құттықтайды.

Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі.Жас елорданың мерекесі әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.

Біздің Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың үнемі назары мен қамқорлығының арқасында Астана  Қазақстанның мемлекетінің бірлік пен келісімнің символы және брендіне айналды,бүкіл әлемге танымал  мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихының ең жарқын бөлігі болып табылады.

Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды.

Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз.