Дата публикации: 13.03.2017 17:23
Дата изменения: 13.03.2017 17:23

Бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Алмалы ауданы әкімшілігімен бірлесе Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерітер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.  

Іс-шараға Департаменттің және Алмалы ауданының әкімшілігінің қызметшілері және «Общественный проект» мекемесінің басшысы Братенков Александр  Иванович  қатысты.

Сөз басында Братенков А.И. 2017 жылдың 10 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойылғаның айтып бұл күн елеулі тарихи оқиға болып саналатынын айтты.

Қазіргі замаңдағы қарқынды технологиялық революциялар ғаламдық экономикада жаңа шыңайлықты қалыптастырады. Бұл туралы Президент өз жолдауында айтып өткен. Жаңартылған Конституция – заманның  сын-тегеуріне жауап.

Құжатта конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізу қарастырылған. Өзгерістер президенттің бірқатар өкілеттіліктерін үкімет пен парламентке беру үшін жасалып жатыр.

Конституциялық реформалар біріншіден, Тәуелсіздіктің негіздерін нығайтуға; екіншіден, демократияны әрі қарай ілгерілеуге;үшіншіден, қуатты құқықтық мемлекет құруды жалғастыруға бағытталған. Осы мақсатта мемлекеттік билік органдарының арасындағы өкілеттіктер қайта бөлініп, адам және азаматтардың құқықтарын мен бостандықтарын қорғау механизмдері, сот жүйесі мен прокуратура органдары жетілдірілді.