
Қаржы министрлігінде бухгалтерлік есепті жүргізуге және шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға жауапты облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының қаржы басқармаларының 50-ден астам қызметкерлерінің қатысуымен "Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау" мәжілісі өтті. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті "бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау"тақырыбына бейнеконференцбайланыс режимінде бухгалтерлік есепті жүргізуге және шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға жауапты облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының қаржы басқармаларының 50-ден астам қызметкерлерімен бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өткізді.
Кеңес қатысушыларына бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры А. Т. Бектұрова бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша заңнамаға соңғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараты кеңес қатысушыларының назарына жеткізді.
Қаржы министрлігінде оқыту тағылымдамасын өткізу аясында ағымдағы жылы Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының 2 бухгалтері МҚБҚА тағылымдамадан өтті.
Сондай-ақ, Департаменттің әрі қарай бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасауда қиындыкқа тап болған кезде бухгалтерлердің оқыту тағылымдамаларын өткізуге дайындығын атап өтті.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының қаржы басқармаларымен бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаудың проблемалық мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігін квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты субъектілерінің қаржылық есептілігімен алдағы шоғырландыру туралы кеңеске қатысушылардың назарына жеткізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жиі қойылатын сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді (негізгі құралдарды есепке алу, дебиторлық
және кредиторлық берешектерді есепке алуды корсету бойынша, активтерді уақтылы аудару және есептен шығару бойынша)