Дата публикации: 29.05.2019 14:27
Дата изменения: 29.05.2019 14:27

Қазақстан тарапынан ЕЭК Кеңесі отырысының жұмысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов қатысты.

Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, автомобильдік транзиттік тасымалдар мониторингі бойынша эксперимент нәтижелері, Одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері және 2018 жылы оларды есепке алу және бөлу мониторингі, сондай-ақ темекі өнімдеріне, дәрілік препараттар мен аяқ киімге қатысты сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауды енгізу, ЕАЭО-дан шығарылатын жеке пайдалануға арналған алкоголь өніміне сандық шектеуді алып тастау мәселелері талқыланды, бұл үшінші елдермен алкоголь өнімінің өзара саудасын дамытуға оң әсер етеді.

Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша 2019 жылға арналған жоспар бекітілді